«Елдің бәрі бетсіз емес»: Мамасарипова комедияға түспейтінін айтқан актрисаны сынға алды (фото)

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2024, 14:52
12355
«Елдің бәрі бетсіз емес»: Мамасарипова комедияға түспейтінін айтқан актрисаны сынға алды (фото) жеке Instagram парақшасынан

«Кино түсіру - тек ақша табу емес» дейді продюсер.

Smart News басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова кино түсірудің тек ақша табу еместігін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында комедияға түспейтінін айтқан актрисаны сынға алды. Бұл турады nur.kz жазды. 

«Киноның отымен кіріп, күлімен шығып жүргенімізге 15 жылдай болыпты. Сонда да «пәленше едім» демеппін. Кинода ең болмаса, «шай тасып» көрмегендердің көкірегін көргенде.... Әйтеуір, бәріміз жабылып, қазақ киносын өлтіріп алмайықшы. Бүгін бір актриса «Мен комедияға түспеймін» депті. Біз неге сондай науқаншыл халықпыз? Енді күлмейміз бе сонда? Енді тек қорқынышты кино көреміз бе?», - деп жазды.

Сонымен қатар продюсер кино түсірудің тек ақша табу еместігін айтты.

«Кино түсіру - тек ақша табу емес, жолдастар! Кино - ең алдымен үлкен бейнет. Ұтыс секілді, бейнетің ақталмайтын кездер де болады. Елдің бәрінің сұрапыл маркетингке ақшасы жоқ. Елдің бәрі «бетсіз емес». Елдің бәрі «жалған патриот» емес», - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Айта кетейік, Гүлнұр Мамасарипованың «Келінжан» телехикаясы көпшілік арасына кеңінен танымал. Одан бөлек өнер иесінің қоржынында «Дос-Мұқасан», «Қарлығаш ұя салғанда 2» секілді туындылары да бар.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)