Шымкенттік дәрігерлер ауыр техниканың астында қалған әйелді аман алып қалды

25.01.2024, 18:34
895
Шымкенттік дәрігерлер ауыр техниканың астында қалған әйелді аман алып қалды Шымкент ДСД

Дәрігерлер науқасқа алты рет ота жасады.

 

Оқыс оқиға өткен жылдың қараша айында болды. Ауыр техниканың астында қалған әйелдің сол аяғы мен қолының сүйектері сынып, іш құрылысының біраз бөлігі жаншылып қалған. Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Содан бүгінгі күнге дейін дәрігерлер алты рет ота жасады. Нәтижесінде ем қабылдаушының аяқ қолы қимылға келіп, жағдайы жақсарған. Қазір пациенттің өзі Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксегинация орталығында ем қабылдап жатыр. Мұнда да екі ай ішінде науқасқа үш рет тері алмастыру оперциясы жасалды.

«Бір аяғының терісі мүлдем жоқ болды. Сондықтан бір отамен бітпейтін еді. Науқастың оң аяғы мен балтырынан, тізеден төмен және иық аумағынан тері алып, аяғына тіктік» - деді, Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бөлімше меңгерушісі Мұхит Досыбаев.

Қазір күрделі оталардан шыққан азаматшаға дәрігерлер оңалту емін жүргізуде. Денсаулық жағдайы қалыпқа келіп жатқан пациентті медицина мамандары алдағы апта үйіне шығармақ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)