2275

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Сілкініс тереңдігі 10 км.

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді
azh.kz

Smart News басылымының хабарлауынша, зілзала ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. 

Энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Тереңдігі 10 км. 

Алматы мен Талғар қалаларында жер сілкінісінің 2 балдық күші сезілген. 

Афтершоктардың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта, Қытай аумағында екен:

– 03:11 – Алматыдан 276 шақырым жерде, магнитудасы 4,6 балл, тереңдігі 10 шақырым;

– 04:38 – Алматыдан 283 шақырым жерде, магнитудасы 4,9 балл, тереңдігі 15 шақырым;

– 06:17 – Алматыдан 275 шақырым жерде, магнитудасы 4,5 балл, тереңдігі 10 шақырым;

– 07:14 – Алматыдан 272 шақырым жерде, магнитудасы 4,5 балл, тереңдігі 5 шақырым. 

Ал 07:55-те Қытай аумағында 5 баллдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бірақ бұл алматылықтар үшін сезілген жоқ. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор