Мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті (видео)

Аиса Махамбет Редактор
27.01.2024, 09:50
3760
Мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті (видео) видеодан алынған кадр

Полиция күдіктіні тоқтатпақ болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қызылордада масаң күйде көлік басқарған жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті. Бұл туралы Paparaci.kz жазды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында Volkswagen Touareg маркалы автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтауын сұраған. Алайда, ол-полиция талабына бағынбай, қалаға іргелес елді-мекендегі Қарауылтөбе ауылына қарай қашып, күріштік алқабына түскен.

Тосқауыл жасауға көмекке келген полиция нарядының қызметкері Volkswagen Touareg автокөлігінің алдынан жаяу шығып тоқтатқан уақытта жүргізуші заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыр дене жарақатын алған тәртіп сақшысы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. «Тосқауыл» арнайы жоспары бойынша шұғыл әрекет еткен сақшылар көп ұзамай 32 жастағы күдіктіні қола түсірді. Оның орта дәрежелі масаң екендігі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Автокөлік айыптұрақта. Қазіргі таңда билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады