«18 жасқа дейін ғана өмір сүреді». Әнші Ердос Қанаев өмірден өткен ұлының ауыр дерті туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
27.01.2024, 11:19
14608
«18 жасқа дейін ғана өмір сүреді». Әнші Ердос Қанаев өмірден өткен ұлының ауыр дерті туралы айтты жеке Instagram парақшасынан

«Тек көндігуге тура келді» дейді әнші.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Жігіттер» тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев «Podcast urpaq» youtube-арнасында өмірден өткен тұңғыш ұлының сырқаты туралы айтты. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Оның сөзінше, баласы осы дертпен дүниеге келіп, 10 жасында өмірден өткен.

«Әкенің қадірін балалы болғанда білдім. Алғаш әке болған кезде қатты қуаныш болды. Үлкен баламыз сынақпен келді. Абдуррахим деп есімін қойған едік. Қуанышымыздың бәрі бір нәрсемен судай басылды. 2020 жылы дүниеден өтті. Алғаш тұңғышым дүниеге келгенде жұмыстарыммен жүрген едім. «Балаң туды» деген хабар келіп, перзентханаға барғанымда реанимацияда жатқанын айтты. Түсінбей қалдық. Туғаннан сол бір диагнозбен өмірге келді. Екі ай өз-өзіне келмеді, тек вакуммен демалып жатты. Содан бастап сынақ күндері басталды. Ондай сынақты жауыма да тілемеймін. Көбіне сапарда болған соң маған білінбейді. Анасы қасында болды, оған өте қиын. 10 жыл аурухана мен екі ортада жүрдік. Апармаған жеріміз жоқ. Өте ауыр диагноз болған соң көп реанимацияға түсе берді. Бұл туралы бірде бір сұхбатта айтпадым. Өмірден өткен соң ғана сондай баламыз болғанын айттық», - деді әнші.

Өнер иесі бұл жағдайда тек көндіккеннен басқа амал жоқ екенін естіген.

«Дәрігерлер «медицинада бұл аурудың емі жоқ, тек көнесіздер» деп ашық айтты. Балалардың өмір сүру жасы 18 жасқа дейін екенін де атап айтты. Басында ауыр болды. Анасы күнде жылайды. «Сен жақсы анасың, ешкімнің кінәсі жоқ, Алланың берген жақсылығы» деп жұбатып отырдым. Солай бір-бірімізге қолдау бердік. Тек көндігуге тура келді. Қолына алып отырасың, өздігінен тұра алмайды, сөйлемейді, көзі көрмейді, ештеңе жей алмайды, тек жылайды. Баламның алдында әкелік парызымды орындай алдым деп ойлаймын. Аллаға шүкір, одан кейін келген 4 перзентімнің дені сау. Диас, Асылым, Ахмет, Айым деген екі ұл, екі қызым бар», - деді ол.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды