«Қазгидромет» 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Аиса Махамбет Редактор
28.01.2024, 20:37
2089
«Қазгидромет» 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады Postimees.ee

Синоптиктер 29 қаңтарда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» орталығы ертеңгі күннің ауа райы еліміздің әр өңірінде құбылмалы болмақ.

Маңғыстау облысының оңтүстігі, орталығында көктайғақ күтіледі. 

Ақмола облысының батысы, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысында тұман күтіледі. 

– Күндіз Алматы облысының батысы, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. 

Алматы қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман болады. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

Бүгін сағат 21.00-ден 29 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігі, батысында тұман күтіледі. Қостанай қаласында 29 қаңтарда тұман күтіледі. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с. 

Шымкентте кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласады. 29-31 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, түнде 29 қаңтарда, тәулік бойы 30-31 қаңтарда жел екпіні 23-28 м/с болады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды