Шымкентте егде жастағы әйел мас күйінде көпірден секіріп кетті

31.01.2024, 14:29
756
Шымкентте егде жастағы әйел мас күйінде көпірден секіріп кетті Астана қаласының әкімдігі

Полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан азаматшаны құтқарып қалды.

 

KAZINFORM хабарлауынша, көпірден өзенге секірген әйелді кездейсоқ куәгер байқап қалған. Содан бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік автоэкипаж мүшелері бірден құтқару жұмыстарын жүргізді.

Инспектор Нұрислам Құдайберген суға батып бара жатқан әйелді құтқару үшін суға түсті. Жағаға алып шығып, әріптестерінің көмегімен қауіпсіз жерге көтеріп шығарды.

«Бізде ойлануға уақыт болған жоқ. Азаматшаны көріп, мен бірден оны алып шығуға асықтым. Тіпті, судың қаншалықты салқын екенін сезбеппін. Әлбетте, әйелді жағаға шығару әріптестерімнің көмегінсіз мүмкін болмас еді. Өзім туралы, әрине, соңынан ойладым. Бұл батырлық емес, бұл менің міндетім. Өйткені, адам өмірін құтқару тәуекел етуге тұрарлық сауапты іс», - деді Нұрислам Құдайберген.

Қуанышқа орай, азаматша зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері оны дәрігерлерге тапсырды. Егде жастағы әйелдің мұндай қадамға  мас күйінде барғаны белгілі болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды