4298

Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады
бейнежазбадан

Жүргізуші қолдау білдірген адамдарға алғысын жеткізді.

"Мен ол әйелге қатысты болған жайтқа қатысты пікір білдірейін деп едім. Оның жақындарына бұл жағдайдың кесірінен буллинг жасалмауы керек", - деді. 

Бұл оқиға 24 желтоқсанда болды.

"Бұл тарап кетеді деп ойламадым. Бейнежазбаны кейбір таныстарыма жіберіп едім, біреуі оны желіге салып жіберген секілді. Ешкімге өкпем жоқ, кешірім де сұрамаймын, себебі ол әйел оған лайық емес. Айтарым кез келген жағдайға дайын болып жүріңіздер, бастысы, менің арым таза", - дейді такси жүргізушісі.  

Осыған дейін Қостанайда такси жүргізушісіне жала жапқан әйел жазаланғанын жазған едік.