Қостанай облысында 55 бала асырап алған отбасы тұрады

Аиса Махамбет Редактор
04.02.2024, 19:13
3470
Қостанай облысында 55 бала асырап алған отбасы тұрады ашық дереккөзден

Рустам Шукуров пен Муаззама Мансурова еліміздегі ең көпбалалы отбасы

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, еліміздегі ең көпбалалы отбасы Қостанай облысының Лисаков қаласында тұрады. Ерлі-зайыпты Рустам Шукуров пен Муаззама Мансурованың 55 баласы бар. Оның үшеуі өздерінің туған перзенттері, Қалғанын асырап алған. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлайды.

Бір қарағанда бұл үй интернатқа ұқсайды. Ұзын дәліз, оның екі жағында балалардың бөлмелері орналасқан. Ал осы дәлізге жалғасып жатқан мына үлкен бөлме алпысқа жуық мүшесі бар отбасының төрт көзі түгел жиналатын орны. Олар бұл жерде әңгіме дүкен құрады, төрде тұрған теледидардан түрлі бағдарламаларды тамашалайды.

Ал ас дайындайтын бөлме кішігірім қоғамдық тамақтану орны тәрізді. Сөреде тізілген ыдыстан көз сүрінеді, азық-түлікті текшелеп жинап қойған. Отанасы асты өзі дайындайды. Әр балаға көңіл бөліп, аналық мейірімін сыйлауға тырысады.

Мен әрқайсының мінезін, асқа, киімге талғамын жатқа білемін. Әрқайсының ерекшелігі жайлы сағаттап әңгімелеуге болады. Мен қашанда үйде, осылардың ортасындамын. Бәрінің көңілін тауып, ешқайсын назардан тыс қалдырмауға тырысамын, - дейді көпбалалы ана Муаззама Мансурова.

Ерлі-зайыптылардың туған екі ұлы мен бір қызы бар. Бәрі де өзіне тете сіңілісі жоғына налып жылаған кенже қыздарын жұбатуға деген ниеттен басталған. Денсаулығына байланысты құрсақ көтере алмағандықтан Муаззама бала асырап алуға бел буады. Оны жұбайы да қолдайды. Сөйтіп 2017-ші жылы алғаш рет 7 баланы бауырларына басқан.

Бізде бәрі де болды. Ақша да, басқасы да. Бірақ, мұндай бақыт болған жоқ. Әрине, қиын сәттер кездеседі. Бірақ балаға деген махаббат бәрін ұмыттырады - дейді көпбалалы ана Муаззама Мансурова.

Сөйтіп алты жылда асырап алған баланың саны 52-ге жетті. Мұнда олардың бәрі өз қалауымен келген. Былтыр 3 ай ішінде 19 бала асырап алған. Қазір үйде 37 бала бар. Қалғаны студент, сыртта жүр. Бірақ келсе оларға да әрдайым есік ашық. Ата-анасы әр перзентін еркелетіп, ақыл-кеңесін де айтып отырады.

Мамандық таңдау жайын да талқылаймыз. Балалар көбіне арманшыл, қиялға ерік береді. Мен оларға «алдымен өздеріңді асырайтын кәсіпті игеріңдер» деймін. Биыл 8 балам тоғызыншы сыныптан соң колледжге барады, - дейді көпбалалы әке Рустам Шукуров.

Мен бұл үйге екінші сыныпта келдім. Асыраушы әке-шешеміз бізге көп жағдай жасады. Мен оларды жақсы көрем. Мектеп бітіргесін дәнекерлеушілікке оқимын. Ақша табамын, үй саламын, - дейді оқушы Данил Таржанов.

Рустам Шукуров қазір тұрып жатқан үйлерін кезінде өзі сатып алған. Ағайындарымен ортақ бизнесіндегі үлесінен ептеп табыс кіріп тұрады. Балаларға ет пен сүт болсын деп аздап мал ұстайды. «Ешкімнен қол жайып көмек сұраған емеспін» дейді өзі. Бұл шаңырақтағы балалардың ең үлкені 24-те, кішісі 3-те. 36 оқушы бар. Ерлі-зайыптылар мұнымен тоқтамақ емес. Бұйыртса әлі де отбасы жылуын аңсаған талай баланы бауырына басқысы келеді.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды