Жалдамалы пәтерді есірткі жасыратын шағын өндіріске айналдырған бойжеткен ұсталды

06.02.2024, 20:28
639
Жалдамалы пәтерді есірткі жасыратын шағын өндіріске айналдырған бойжеткен ұсталды polisia.kz

Жалдамалы пәтерді синтетикалық есірткі жасыратын шағын өндіріске айналдырған қарағандылық тұрғын ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Қарағанды облыстық полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығында синтетикалық есірткі жасыратын шағын өндіріс анықталды. Оны жалдамалы пәтерлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен ұйымдастырған.

Пәтерге жүргізілген тінту жұмыстары барысында тәртіп сақшылары 500 гр ұнтақ тәрізді заттар, 500 дана зип бумасы, 20 орам изолента және екі таразы тәркіледі.

Тәркіленген ұнтақ тәрізді затқа жасалған сараптама қорытындысына сәйкес, оның жалпы салмағы 498 гр мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.

Ұсталған азаматша, синтетикалық есірткіні көтерме сауда бағасымен сатып алып, жалдамалы пәтерде орамдарға орап, қала көшелеріне жасырып кетіп жүргенін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Күдікті азаматшаға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды