BI Group холдингі қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге қаржы аударды

08.02.2024, 16:04
1215
BI Group холдингі қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге қаржы аударды company.bi.group

Тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар, т.б. жобалар жасалмақ.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, BI Group құрылыс холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады. Одан бөлек, қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

BI Group басшылығы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақ тілін дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді әріптестік орнатты. Холдинг Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады.

Оған қоса, BI Group басшылығы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар мен өзге де маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісім жасады. Холдинг осы жобаларды жүзеге асыруға 50 млн теңге бөледі. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы BI Group қолдауымен қазақ тіліндегі сапалы контент қорын көбейту үшін түрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлады.  

«Біздің компания ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда маңызды саналатын қоғамдық істердің үнемі басында келеді. Мәселен, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға ұзақ жылдардан бері қаржылай қолдау көрсетіп келеміз. BINOM инновациялық мектептері Ыбырай Алтынсарин, Қаныш Сәтпаев, Әбіш Кекілбаев сынды қазақ ағартушылары мен ғалымдарының есімдерімен аталады. Ұлттық киім күні, сондай-ақ, Қазақ тілі күні біздің корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналды. Сондықтан Мемлекет басшысының қазақ тілін дамыту бастамасын қолдау – азаматтық парызымыз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен әріптестігіміз қазақ тілін дамытуға байланысты көп іске мұрындық болады деп сенеміз», - дейді BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.

Қазақ тілін дамыту жобалары мен байқаулары жақында басталады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді