1264

Қостанай облысында күйеуін «қорғамақ» болған әйел полицейлерді ұрған

Әйел дене жарақатын салған.

Қостанай облысында күйеуін «қорғамақ» болған әйел полицейлерді ұрған
видеодан алынған кадр

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарабалық кентінің тұрғыны полицейдің заңды талаптарына бағынбаған сәті түсірілген видеоны жариялады.

Полиция департаментінің дерегінше, тұрғынның әйелі полицейлерді қорлап, дене жарақатын салған. Осы факті бойынша қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды.

Анықталғандай, 10:00-де аумақты аралау кезінде полицейлер дүкеннен мас күйінде шыққан ауыл тұрғынын байқады. Оның қолында алкогольді өнім салынған бар пакет болған. Ер адам тоқтау туралы талапқа бағынбай, қаша жөнелген.

Әйел күйеуін жақтап, полиция қызметкерлерімен сөйлесу кезінде оларды қорлай бастады. Ол тәртіп сақшысының бас киімін жұлып алып, телефонмен басына соққы жасады. Екіншісінің бетінен де соққан. Ерлі-зайыптылар агрессивті болды. Сараптама ауыл тұрғынында мас болудың "орташа дәрежесін" көрсетті.

Қостанай облыстық ПД-да дүкенде алкогольді өнім тыйым салынған уақытта сатылу дерегі бойынша да тексерулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор