Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында бірнеше ер адамнан жәбір көргенін айтқан қыз мән-жаймен бөлісті

13.02.2024, 10:57
2810
Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында бірнеше ер адамнан жәбір көргенін айтқан қыз мән-жаймен бөлісті Видеодан алынған кадр

Алматы облысында бір топ ер адам 11 сынып оқушысын ұрып-соғып, есірткіге отырғызып, зорлады деген күдікке ілінді.

Қыз осы уақыттан бері бопсалағанға көніп, үндемей келген. Бірақ қаскөйлер жазасын алуы үшін шындығын жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

17 жастағы қыз күдіктілердің бірімен 2022 жылы танысып, дос болған. Барлығы Жетісу ауылынан болғасын араласыпты. Алайда достықтың соңы ішімдікке, есірткіге ұласып, соңы зорлық-зомбылық әкеп соққан.

“Бір ауылда тұрғандықтан, бәріміз араластық. Оның араласатын ортасы көп еді, арасында мектеп қызметкері бар. Олар қыздардың сеніміне кіріп алады да, соңында алдап түсіреді, ұрып-соғып, күш қолданады. Маған “жақындарыңды өлтіреміз” деп қорқытып келгесін үндемедім”, – деді жәбірленуші.

Мектепте үздік болған қыз бірден тұйықталып, ештеңеге көңіл бөлмейтін боп кеткен. Анасының айтуынша, тіпті өзіне қол салмақ болған.

“Бір күні қызым жоғалып кетті. 2 күннен соң көк ала қойдай соққыға жығылған күйінде табылды, есінен танған. 5 сағат реанимацияда жатты. Бір кезде ауруханаға бейтаныс адамдар келіп, ақша ұсынды. Бұлар қызымның өмірін құртты. Мен – жалғызбасты анамын, соны біліп қызымды қорқытқан”, – деді қыздың анасы.

Айтуынша, айыпталушылардың жақындары әлі оларға тыныштық берер емес. Ақша ұсынып, істі жабуды қалап отыр. Тіпті қыздың өзін жаман атты ету үшін түрлі қауесет шығарып, желіде жағымсыз пікір жазып жатыр дейді. Қазір қыз жеке емханада реабилитациядан өтіп жатыр. Қаскөйлер тиісті жазасын алған соң, өмірін жаңадан бастап шетелге көшуге ниетті. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады