5 жасар қыздың айуандықпен өлтірілуі: пробация қызметкері өзін ақтауды сұрады

13.02.2024, 15:32
874
5 жасар қыздың айуандықпен өлтірілуі: пробация қызметкері өзін ақтауды сұрады otyrar.kz

Түркістан облысында атышулы сот процесі аяқталуға жақын.

Aikyn.kz хабарлауынша, бүгін Сарыағаш аудандық сотында өз жұмысына салғырттық танытты деп айыпталған пробация қызметкері соңғы сөзін айтты. 39 жастағы сотталушы Сарыағаш ауданындағы 5 жасар Еркежан Нұрмаханды зорлау және өлтіру дерегіне қатысты іс бойынша айыпталған.

Оtyrar мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, пробация қызметкері ауыр қылмыс жасағанға дейін шартты түрде сотталған Сайдолим Ғаибназаровты қадағалауы керек болған. Журналистерге сот процесін сотталушының бет-әлпетін видеоға түсірмеу шартымен жариялауға рұқсат етілді.

Прокуратура қызметкердің үстінен іс қозғап, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сотталушының өзі құзырлы орган таққан айыппен келіспейді. Ол өзін ақтауды сұрайды және өзін кінәсіз санайды.

«Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін және бұл бірінші сатыдағы сот тергеуі кезінде дәлелденді. Егер мен орындауға тиісті міндеттер туралы айтатын болсақ, онда көрсетілген тәртіп пен маған жүктелген міндеттер бұрмаланған, қабылданған және ойлап табылған. Осы бес ай бойы тергеу жүріп жатқанда отбасыммен ұйықтай алмай келеміз. Осы уақыт ішінде әкем тіпті екі рет ауруханаға түсті. Құрметті сот, жәбірленуші тарап мені ақтауды да сұрады. Жәбірленушілер маған қарсы арыз да жазбаған. Осының барлығын ескеріп, мені ақтауыңызды сұраймын», – деді сотталушы соңғы сөзінде.

Сотталушыға үкім бүгін түстен кейін шығады. Судья кеңесу бөлмесіне кірді.

Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Сырығаш ауданы Жібек жолы ауылында 5 жасар қыздың өлімі бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді.

Қылмыскер көрші үйде тұратын ер адам болып шықты. Оның қорасынан бірнеше пышақ жарақаты бар қыздың денесі табылды. Бұл ретте, ата-анасының айтуынша, сотталушы ауыл тұрғындарымен бірге 5 жасар қызын іздеуге қатысқан.

Сот Сайдолим Ғаибназаровты өмір бойына бас бостандығынан айыру, химиялық кастрация жасау және қыздың ата-анасына 100 миллион теңге төлеуге үкім шығарды. Аса ауыр қылмыс жасағанға дейін ол кісі өлтіргені үшін 10 жылға жуық жазасын өтеп, 2023 жылы мамырда досын жарақаттағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Көпшіліктің наразылығынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды