Анасының айтуынша, ұлына түзету орталығының қызметкері қол көтерген. Ол оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялады. Онда түзету орталығының қызметкері ерекше баланың басын күшпен ұстағанын, қолы мен басынан ұрғанын көруге болады.
Pavlodarnews.kz хабарлауынша, әйел орталық тәрбиеніші жұмыстан шығарып, кешірім сұрағанын атап өтті. Алайда ол түзету орталығы да болған жағдайға жауап беруі керек деген пікірде. Сондықтан полиция мен прокуратураны тексеріс жүргізуге шақырды.
Павлодар облысының ПД тәрбиешінің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталғанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.
Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды, - деп жазылған хабарламада.