«Қызынан ұялып жүр»: Шерхан Пірназардың әйелі оның басқа актрисалармен сүйісуіне қатысты айтты

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2024, 16:25
4945
«Қызынан ұялып жүр»: Шерхан Пірназардың әйелі оның басқа актрисалармен сүйісуіне қатысты айтты жеке Instagram парақшасынан

Түсірілімде танысқан жұп махаббат оқиғасын әңгімелеп берді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар мен келіншегі Айжан Жұмабек махаббат күні қарсаңында бірге сұхбат беріп, қарым-қатынасы мен отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Өнер иесінің әйелі оның басқа актрисалармен сүйісуі жайлы не ойлайтынын ашық айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Шерхан Пірназардың келіншегі Айжан Жұмабек те кино саласының адамы болып шықты. Ол - отандық танымал кастинг директорлардың бірі. Ерлі-зайыптының таныстығы да түсірілім алаңында орын алған. Жұлдызды жұптың таныстары да тіпті Айжанның кастинг арқылы жобаға актер ғана емес, өзіне өмірлік жар іздеп тауып алғанын қалжыңдап айтады екен.

«Біз «Асыл арманның» түсірілімінде таныстық. Оған дейінгі жобаларда тек амандасып қана жүретінбіз. Сол сериалдың режиссері Нұрғиса Әлмұрат өзімнің аға-бауырым ұзату тойда «Айжан актер емес, өзіне күйеу іздепті, сол үшін кастинг жариялапты» деп әзілдеген еді», - деп еске алды Шерхан Пірназар «Revue News» бағдарламасында. 

Айжан Жұмабектің айтуынша, аталмыш жобаға басты рөлге ер адамды шынымен ұзақ іздегенін айтты. 

«Сол сериалға басты рөлге адамды ұзақ іздедік. Ешкім рөлге келмеді, ешкімді ұнатпады. Ұнатқан актерлар дұрыс ойнай алмады. Дұрыс ойнағандардың түр келбеті келмейді. Екі айдай іздедік. Сосын Шерханды бекіттік», - деді ол.

Сонымен қатар актердің әйелі оның жұмысына қатысты пікір білдіріп, өзге актрисалармен сүйісуі жайлы не ойлайтынын айтты.

«Камерада сүйісуге рұқсатымды бердім. Ол енді оның жұмысы ғой. Бірақ қазір енді кішкене қарсымын. Қазір өзі де қарсы. Өйткені қызы туылғаннан кейін қызынан ұялып жүр, менен емес», - деді Айжан Жұмабек.

ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ