Атырауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 12:08
569
Атырауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды бейнежазбадан алынған кадр

Атырауда 10 күннен бері үйлерді еріген су басып жатыр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Атырауда бір аптаға созылған су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алайда жергілікті билік әзірге су тасқынына төтеп бере алмай отыр. Бұл туралы КТК арнасы жазды. 

Атырауда 10 күннен бері үйлерді еріген су басып жатыр. Су тартылып жатқанымен, бірнеше ықшамауданның тұрғындары әлі үйлеріне кіре алмай жүр. 

"Олар төтенше жағдай жариялады, құдық сүзгілерін орнатты. Бірақ су сол күйінде қалды. Ешқандай азайған жоқ. Ал ертең үйіміз суға батып, жарылып кетсе, кім кінәлі болады? Бізге кім көмектеседі, бәрі қалпына келе ме?", – деді жергілікті тұрғын Ырысты Сахарбайқызы. 

Арна мәліметіне сүйенсек, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынымен күресті күшейту үшін қосымша қаражат пен техника бөлінді. Алайда, үй-мүлкін су басқандарға келтірілген шығын өтеле ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

"Екі компаниямен келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда 22 ұңғыма сүзгілеу сорғылары орнатылды. Жалпы, төтенше жағдай шешімімен ұңғыма сүзгілеу сорғыларына және айдалатын жер асты суларын шығаруға 240 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Материалдық өтемақы мәселесі көтерілген жоқ", - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді