Экологпен әңгіме: Экологиялық тепе-теңдіктің қиындықтары мен стратегиялары

16.02.2024, 10:41
1201
Экологпен әңгіме: Экологиялық тепе-теңдіктің қиындықтары мен стратегиялары жеке мұрағатынан

Экология мәселесі қашанда қиын тақырыптардың бірі болып қалары сөзсіз. Қазақстан экономикасы мұнай өнеркәсібіне тәуелділік пен әртүрліліктің жоқтығынан зардап шегеді, бұл осалдықтарды тудырады және басқа секторлардың өсу мүмкіндіктерін шектейтіні бәріне мәлім.

Осы тұрғыда біздің тілшіміз Ербол Бірғаным эколог маман Айнұр Сейлханмен тілдескен болатын. Өз сұхбатында Айнұр ханым, эко әдеттерді қалыптастыру туралы және Қазақстанның экологиясындағы негізгі мәселелер туралы әңгіме өрбіткен болатын.

Айнұр ханым, сұхбаттасуға келіскеніңіз үшін көп рақмет. Алғашқы сұрағыма келіп тоқталсам: Қазақстан Республикасында экологиямен байланысты қандай басты мәселелер бар?

- Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеудің (қорғасын, мырыш, фосфор, хром өндірісі) өсуі. Мұнай мен газ өндіру кезінде ілеспе газды жағу. Атмосфераға көміртек пен қорғасын тотығын шығаратын автокөліктер санының көбеюі. Оларды пайдалану кезінде сапасы төмен жанармайлар құйылып, көбінесе пайдаланылған газдарды тазартуға арналған сүзгілер қолданылмайды.

Қазақстандағы ауқымды қалалардағы (Астана, Алматы, Шымкент) ауаның ластану мәселелері қалай шешілуде?

- 2025 жылы 10 қалада ауа ластану көрсеткішін жоғары көрсеткіштен орташаға дейін төмендетуді көздейтін "жол картасын" жүзеге асыру жоспарлануда. Алдағы жылдары ауаның ластануын ғана емес, сондай-ақ су асты қоймаларының да ластану жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар кешенді шара қолға алынады деп күтілуде.

Қазақстандағы эко ағарту ісінің жетістіктері мен кемшіліктерін атап өте аласыз ба?

-Жетістіктері: Қазақстан Үкіметі БҰҰ-на Семей өңірін қайта қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуге өтінім берді. Оған ядролық қару сынақтарының зардабын зерттеу және радиоактивті аймақ маңында тұратын тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша кешенді шаралар кіреді. БҰҰ Ассамблеясы Семей өңірін қалпына келтіру жөніндегі резолюцияны қабылдады. Қазақстанның дамыған индустриалды ел ретіндегі экологиялық проблемалары ондаған жылдар бойы жиналып келді. Өз ресурстарын жақсарту үшін Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын көптеген аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысады.

Кемшілік тұстары: 2023 жылдың соңында Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасының тәуелсіз рейтингі мен инвестиция жағынан сенімді екенін растады. Үкімет Ұлттық банк және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асырып жатыр. Нәтижесінде өткен жылы ол 2 еседен астам төмендеп, 9,8% болды

Жас ұрпақ экологиялық мәселелерді шешуге әсер ете ала ма?

- Әрине , жас ұрпақ келешек жер қойнауының иелері болғандықтан, келешек ұрпақ экологияны жақсы не жаман жаққа бұру мүмкіншілігіне ие.

Экологиялық әдеттерді қалай қалыптастыруға болады және бірінші кезекте неден бас тарту керек?

- Меніңше, әдет - бұл мінез қалыптастырудың қысқа жолы, ал мінез- ол келешек тұлғаның басты келбеті. Мінезі жақсы адам жақсы әдеттерге құмар келеді, мәселені үнемі кең тұрғыдан ойлай алады. Келешек ұрпақтың да мүдделерін ойлай алады. Біздер жақсы эко әдеттерді өз өмірімізден бастағанымыз дұрыс деп сенемін. Мысалы, мен күнделікті өмірде пластикалық заттарды қолданбауға тырысып жүрмін, қоқысты ерінбей өңдеуге тырысамын. Бұл жоқшылықтан емес! Келешегімді ойлаудан екенін білемін.

Балаларға эко-әдеттерді қалай сіңіруге болады, себебі ересектердің өзіне де оларды ұстану қиынға соғады?

-Иә, бала түгілі ересек адамдар үшін де бір нәрседен ғибрат алуға үйреткен кісінің  әдетін өмірінде орындай ма? Орындаса жетістіші қайда? Деген сұрақтар келеді. Ендеше, балалар үшін де теориядан гөрі практика маңыздырақ! Бала естігенінен, көргенін қайталайды, сондықтан өзіміз (ересектер) жаман әдеттерден бастартқанымыз жөн. Жаман әдеттер, ойдағы шектеулерден арылмау: қоқысты көп өңдеуді кедейліктің белгісі ретінде көру, керісінше ысырап қылып қоқыс тастағанда адам өзін бай (тойынған) болып сезінуі. Бұл біздің менталитетіміз болып барады. СОДАН бізде, қазақта қоқыстан көп өндіріс жасап экологиямен күрескен қытай халқын ғайбаттау қалыпты жағдайға айналып кеткен. Асылында, біз олардың қайта өндіріп отырған өнімдерін көптеп сатып алушымыз!- дейді, Айнұр Сейлхан.

Сұхбат алушы: Ербол Бірғаным

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды