«ҚР Жазушылар Одағының» мүшесі Мадина Омарова өзінің мансап жолымен бөлісті

16.02.2024, 11:55
750
«ҚР Жазушылар Одағының» мүшесі Мадина Омарова өзінің мансап жолымен бөлісті ашық дереккөзден

Елімізде талантты ақын, жазушылардың саны жылдан жылға артуда.

Қазір кітап оқу үлкендер қатарына ғана емес, жас буын ортасында да танымалдыққа ие.  Оқырман арасында мұндай қызығушылықты арттырып жатқандар - заманауи жазушылар. Олар өздерінің оқырмандарына барынша нақты әрі халқымыздың асыл құндылықтарын сіңіретіндей еңбектерді шығаруда.

Бұл қатарда Мадина Омарованың да есімі бар.  Оның айтуынша, жазушы болу сауаптылықты және қызығушылықпен қатар, ізденісті де қажет етеді. Ол жақында сұқбатта өзінің мансабы жайлы оқырмандарымен бөліскен болатын. 

Жазушылық мансабыңызды қашан бастадыңыз?

– Менің жазуға деген махаббатым мектеп кезінен басталды. Сол кезден- ақ менің шығармаларым  “Екпінді” аудандық газетінде, “Балдырған” журналында жарияланып тұрды.  Онымен қоса, менің сүйікті пәндерім қазақ тілі мен әдебиеті болатын, себебі олар мен үшін оңай әрі түсінікті болды.Сондықтан болар, шығармаларымды орфографиялық қатесіз жазатынмын. Менің ең алғашқы жұмысым 7-сынып оқушысы болғанымда Қазақстан пионері газетіне шығарылды.  Ол “бәйшешек пен ошаған” деген ертегі еді. Сондықтан жазушылық мансабым сол кезде-ақ басталды деп ойлаймын.

Сіздің шығармаларыңызды оқи отырып, прозаға жақын екеніңізді түсінуге болады. Бұл жанр негізінде жазып бастауыңызға не немесе кім түрткі болды?

– Мен қазіргі Абай атындағы жоғары оқу орнында филология факультетінде оқыдым. Бізді қазақ және орыс тілдерінде бірдей оқытты. Сондықтан, мен Толстой, Чехов секілді орыс жазушыларының да еңбектерін оқуым керек болды.  Содан уақыт тапшылығы пайда болып, өзімнің жазу жұмыстарымды белгілі-бір уақытқа шетке ысырып қойдым. Онымен қоса, орыстың ұлы жазушыларының шығармаларынан кейін өзімдікі маңызсыз көрініп, комплекс пайда болғаны да бар. Сөйтіп жүріп, оқуымды қызыл дипломмен аяқтадым да, “Ақжелкен” журналында тілші болып жұмыс жасадым. Қолыма қайта қалам алып та сол кезде бастадым. Содан кейін, мен психикалық ауытқушылығы бар жігіт жайлы әңгіме жаздым. Ол белгілі драматург, жазушы Әкім Таразиға ұнап, өзінің шеберханасына оқуға шақырды. Ол кісі маған бағыт бағдар беріп, проза жанрында жазуыма үлкен серпін берді. Сол кезден бастап мен прозаға келдім деп есептеймін.

Шығармаңыздың кейіпкерлерін қалай таңдайсыз? Жазушыға өз кейіпкерлерін сезіну қаншалықты маңызды?

– Мен психологиялық нәрселерді көп жазам, себебі, менің ойымша жазушы – адам жанын зерттеуші. Адамның тағдыры, психологиясы, ішкі жан дүниесі, оны белгілі бір деңгейге жеткізген, әсер еткен оқиғаларды қызық деп санаймын. Сондықтан, жазушы адам ретінде басқа адамдарды қалай сезінсе, өзінің кейіпкерлерін де солай сезініп, мән беру керек. Сонда ғана оқырманды өзіңнің кейіпкеріңе жақындата аласың.

Жазған шығармаларыңыз көлем жағынан басқа жазушыларға қарағанда аз екен. Бұл өзіңіздің жазушы ретінде ерекшелігіңіз бе әлде принціпіңіз бе?

Мен өзімнің де, оқырманның да уақытын қатты бағалайтын жанмын. Олардың уақытын маңызсыз әңгімелермен алғым кедмейді. Сол себепті менің еңбектерім қысқа нұсқа болып жазылады. Алайда, қысқа болғанына қарамастан оқырман менің әңгімелерімнен кейін белгілі-бір рухани құндылықтарды түйіп кеткенін қалаймын.

Мемлекет тарапынан жазушыларға қандай да бір қолдау көрсетіледі ме?

– Негізі, білетін боларсыздар, мен “Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының” мүшесімін. Менің ойымша отандық жазушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі деп ойлаймын. Мысалы, Қазақстанның халық жазушысы атағын алғандар қаржылай сыйлық немесе үстемақы алады. Сондықтан, елімізде жазушыларға көңіл бөлінеді деп айта аламын.

Еркинбаева Жанель

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)