Бүркітші қыз Айшолпан мектеп ашуды жоспарлап отыр

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 16:21
1123
Бүркітші қыз Айшолпан мектеп ашуды жоспарлап отыр жеке Instagram парақшасынан

Ол университетті тәмәмдаған соң мамандық бойынша жұмыс істегісі келетінін айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, анымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы мектеп ашпақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ақпарат агенттігі жазды.

Бүгінде Айшолпан жоғары оқу орындарының бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығында оқиды. Ол университетті тәмәмдаған соң мамандық бойынша жұмыс істегісі келетінін айтты.

"Бұйырса Ұлан ауданында (Шығыс Қазақстан облысы) мектеп ашайын деп жатырмын. Ол салт-дәстүрді де үйрететін, білім де беретін ұлттық мектеп болады", – деді бүркітші қыз. 

Сондай-ақ Айшолпан бір қызды құсбегілікке баулып жатқан көрінеді.

"Астана, Өскемен, Көкшетау деген қалаларда өткен көптеген жарысқа бардым. Сол кезде қыздар да келіп қатысты. Қазіргі таңда шәкіртім бар, Ұлан ауданында Айзере деген қызды дайындап жатырмын", – деді ол. 

Айшолпанның ата-анасы да жақында Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келіпті. 

"Мен 2018 жылы Қазақстанға келдім. Бірақ тек келіп көріп кетем деп ойладым. Кейін осы жақта білім ала бастағаннан кейін Қазақстанға інім мен сіңілім, ата-анам да келсе ғой деп армандадым. Қазір ата-анам Өскемен қаласына көшіп келді. Інім мен сіңілім де келіп, оқуларын жалғастырып жатыр", – деді бүркітші қыз. 

Еске салайық, жақында құсбегіліктен ересектер арасындағы ХVII Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Айшолпан да қатысты.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр