Ауа райы болжамы: 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 09:42
1114
Ауа райы болжамы: 8 облыста дауылды ескерту жарияланды ашық дереккөзден

Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 18 ақпан, жексенбі күніне елдің сегіз облысында дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында жел солтүстік-шығыстан екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде түнде 25 градус аяз болады. Алматыда түнде 25 градусқа дейін аяз күшейеді. Қонаевта да түнде 25 градусқа дейін қатты аяз байқалады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан облыстың оңтүстігінде жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен - 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жел соғады деп күтілуде. Қызылордада солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 35 градустық қатты аяз сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде қатты аяз 35-38 градусқа дейін төмендейді. Қарағандыда түнде 35 градусқа дейін қатты аяз күтілуде.

Павлодар облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды