Әкесі телефонын тартып алған қыз өзіне қол салмақ болды
Түркістан облысында полиция өзіне қол салмақ болған қызды құтқарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Polisia.kz хабарлауынша, 102 пултьніне жасөспірімнің көпірден секірмек болғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына Ерғазы Жүнісов, Марат Әуезов, Бахром Хашимов атты учаскелік полиция инспекторлары шұғыл жеткен.
Оқыс оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары қызбен сөйлескен. Содан кейін полицейлердің бірі ұтымды сәтті пайдаланып, 9-сынып оқушысын ұстап алып, қауіпсіз жерге апарған.
Жасөспірім мұндай әрекетке әкесімен ұрсысып қалғанан барған. Айтуынша, әкесі оның ұялы телефонын тартып алыпты.
Қызының аман қалғанына қуанған әке тәртіп сақшыларына алғыс айтты.