"Жансақтау бөлімінде жатыр": Қостанайда 7 жастағы қыз аязда су толы құдыққа құлап кетті

21.02.2024, 16:14
1438
"Жансақтау бөлімінде жатыр": Қостанайда 7 жастағы қыз аязда су толы құдыққа құлап кетті ТЖМ

Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 7 жастағы қыз -25 градус аязда абайсызда жылу құдығына құлап кеткен. Баланы ТЖД қызметкерлері келіп құтқарып алды.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, құдықтағы судың тереңдігі 60-70 сантиметр. Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жетті. Қызды құтқаруға бейтаныс адам да көмектесті.

Stan.kz хабарлауынша, құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. 

“Балаға гипотермия (дене температурасының төмендеуі) диагнозын қойдық. Ішкі ағзаларында, басында және аяқ-қолдарында жарақаттар жоқ. Бала есін жиды, сұрақтарға жауап беріп отыр. Егер жағдайы жақсарса, ертең палатаға ауыстырамыз”,– дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Қазір бала дәрігерлерің бақылауында. Айта кетейік, қазір Қостанай облысында сынап бағанасы 25 градус аязды көрсетіп тұр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды