Алматы облысында мектеп оқушыларының еден жууышыны туған күнімен құттықтаған видеосы жұртты сүйсіндірді

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 17:51
801
Алматы облысында мектеп оқушыларының еден жууышыны туған күнімен құттықтаған видеосы жұртты сүйсіндірді бейнежазбадан алынған кадр

Оқушылардың тосын сыйынан соң туған күн иесі жылап қалды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде мектеп оқушылары еден жууышысын туған күнімен құттықтап, тосын сый жасаған видеосы қызу талқыға түсіп жатыр.

TikTok қолданбасының пайдаланушысы Гүлжан Хасанқызы желідегі парақшасында видеоны жариялады. Мұнда оқушылар үш қатарға жиналып, 60 жасқа толған еден жууышыға тосынсый жасап құттықтаған.

Видеодан кабинетке кірген әйел мұндай сыйлықты күтпегенін және сәл сасқаны байқалады. Білім алушылар құттықтаған сәтте туған күн иесі көңілі толқып, көз жасына ерік берген.

Видеоролик 900 мыңнан астам қаралым жинаған. Желіде оқырмандар 3 мыңнан аса пікір жазып, мұндай мейірімге толы бейнежазбаны көрмегенін айтқан.

"Бүгінгі таңымның күшті видеосы", "Керемет", "Адамды және оның еңбегін бағалау, саған еш пайдасы тимесе де, оны адам ретінде сыйлау – нағыз адамгершілік", "Қандай жақсы! Біздің мектепте бұлай құттықтамайды. Адам құрлы көрмейді", "Жарайсыз, сіз сияқты ұстаздарымыз көп болсын!", "Жастарға жақсы өнеге, құтты болсын!", "Туған күн иесі сондай әдемі жан, жүзі жылы. Сынып жетекші мен оқушылары нағыз адами құндылықты бойларына сіңірген екен, рақмет!" – деп жазды желі қолданушылары.  

Оқу-ағарту министрлігі видеоның Алматы облысындағы мектептердің бірінде түсірілгенін мәлімдеді.

"Бұл Іле ауданы. Өтеген батыр ауылы. Бейне №24 мектеп-лицейінде түсірілген. Видеодағы мұғалімнің аты Гүлжан Хасанқызы Жылқыбаева. Ал техникалық қызметкер – Лайләгүл Далабайқызы Тұрсынбаева. Гүлжан Хасанқызы 20 жылдан астам педагог болып жұмыс істейді, Лайләгүл Далабайқызы 2021 жылдан бастап мектепте еңбек етеді", – деп нақтылады өңірлік білім басқармасында.

Ал бейнежазбадағы мейірімді балалар осы мектептің 4-сынып оқушылары екені айтылды.

@gulzhan_khasanovna

 

♬ TU TU HAI WAHI 2019 New - TSG MR⭐AL
MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды