952

Сарыағаштық әйел түнде мешіттің кілемдерін ұрлап кеткен

Әйел төсеулі тұрған кілемдерді ұрлап кетті.

Сарыағаштық әйел түнде мешіттің кілемдерін ұрлап кеткен
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының полицейлері мешіттегі кілемдерді қолды қылған күдіктіні тапты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, - делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне барып, төсеулі тұрған екі кілемді ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары күдікті әйелден ұрланған айғақ заттарды тәркіледі. Қазір олар әйелдің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор