8 жасар егіз балалар сандықшаға ақша жинап, әкесіне кіші қажылыққа жолдама әперді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 20:12
1289
8 жасар егіз балалар сандықшаға ақша жинап, әкесіне кіші қажылыққа жолдама әперді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Әкелеріне қажылық сыйлаған егіздер жұртты тәнті етті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, желіде 8 жасар қазақстандық егіз сандықшаға ақша жинап, әкесіне кіші қажылыққа жолдама әперген видеосы тарады. Жазылушылар @qonaq.hajj аккаунты иесінің бала тәрбиесіне тәнті болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Балалар жинақ сандықшасына (копилка) ақша салып, шыққан соманы әкелерін қажылыққа жіберуге жұмсамақ. 

"8 жасар егіз жинақ сандықшасына ақша жинап, әкесінің арманын орындады", – делінген жазбада.

Видеодан осындай үлкен сыйлыққа әкесінің шынайы эмоциясы қандай болғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары өздерінің қуанышты пікірлерін қалдырды.

"Неге жылап жатырмын? Мен ол жерде ешқашан болмағандай отырмын, бір ай бұрын ғана жүрдім", " Қандай керемет. Ең алдымен оның тәрбиесінің көрінісі, қандай керемет балаларды тәрбиелеген", "Осындай саликалы ұрпақ көбейе берсін", "Машаллах. Керемет", – деп жазды желі қолданушылары.

Пікір жазған жұрт балалар ата-анасын әрқашан осылай қуантып жүре берсін деп тілек білдірді.

Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)