«Ажыраспас едім»: Наркенже Серікбаева бірінші қызының әкесі жайлы жан сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 20:37
8533
«Ажыраспас едім»: Наркенже Серікбаева бірінші қызының әкесі жайлы жан сырын ақтарды ашық дереккөзден

Әнші Наркенже Серікбаева тұңғыш қызының әкесі жайлы айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, өнер иесі "Пікір Like" бағдарламасында қазіргі ақылы болса, бірінші күйеуінен ажыраспайтынын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

"Әркімнің тағдыры әр түрлі. Өзім де ажырасқанмын. Дәл қазіргі ақылым болса, бірінші қызымның әкесінен ажыраспас едім. Біреудің өміріне килікпеймін.

Екінші жолдасым қайтқаннан кейін, "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан", "Бір басыңды екеу қыл" деп ақыл айтып жатқандар бар. Бұл – мен үшін қиын әрекет. Мен адамға шынайы беріліп кетемін бе, ер-азаматқа барымды беріп қоятын сияқтымын. Бірден ақтарыламын. Бірақ сол өзіме таяқ болып келе береді. Мен негізі ер-азаматтың жанын жақсы түсінемін.

"Үмітім бар. Біреу келіп сөз салса екен" дей алмаймын. Ешкімді күтіп жүрген жоқпын. Бірақ одан да үміт үземін деп айта алмаймын. Алла маған қандай сый дайындайды, соны қабылдауға дайынмын", - деді Наркенже Серікбаева. 

Еске сала кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші 4 жыл 7 ай бірге өмір сүрген жолдасының қырық жылдық бақыт сыйлап кеткенін айтқан болатын.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды