SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарағанды қаласында кішкентай шақалақ табылды.
Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде нәрестенің жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.