«Нағыз деградация»: Астанада автобустан құлап кеткен әйелге ешкім жәрдемдеспеген (видео)

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2024, 12:27
3024
«Нағыз деградация»: Астанада автобустан құлап кеткен әйелге ешкім жәрдемдеспеген (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Автобустан құлап түскен әйелдің жағдайы әлі белгісіз.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астанада әйел адам жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалған.

Автобуста орнатылған бақылау камералары түсірген бейнежазба желіде қызу талқыланып жатыр. Жұрт жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушісінің немқұрайлы реакциясына таң қалды. 

Кадрларда адамдар көп жүретін автобус аялдамадан адамдар алғанын, кейін жүріп кеткенін байқауға болады. Автобус жүріп бара жатып есіктер күтпеген жерден ашылып кеткен. Есік алдында тұрған әйел адам тұтқаны ұстағанмен, бірақ ешкім жәрдемдеспегендіктен асфальтқа құлап түскен. Артынша оның жанында тұрған жолаушылар есіктерді күштеп қолмен жауып, автобус жөніне жүре берген.

Автобустан құлап түскен әйелдің жағдайы не болғаны әлі белгісіз. Астананың көлік кешенін басқару жөніндегі оператор болып табылатын Сity Transport System компаниясында бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.

Ал желі қолданушылары оқиғаны жан-жақты талдап, саралады.

"Нағыз деградация. Әйелдің құлап бара жатқанын көре тұра, жанындағы бір де бір еркек ұстап қалмаған. Оның үстіне адам азайды деп қуанғандай, есікті жауып алып жатыр. Жүргізушіге тоқта деп айқайласа болар еді ғой. Еркек емес ездер!" деп жазды қолданушылардың бірі.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады