"Бишімбаевқа ұнамайтын". Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2024, 17:48
3450
"Бишімбаевқа ұнамайтын". Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының енесімен қарым-қатынасы туралы айтты ашық дереккөзден

Салтанат алғашында енесімен өте жақсы қарым-қатынаста болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астанадағы мейрамханалардың бірінде адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Динара Сатжанның Youtube-арнасына берген сұхбатында қарындасының ата-енесімен қарым-қатынасы қандай болғанын айтып берді. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Оның сөзінше, Салтанат алғашында енесімен өте жақсы қарым-қатынаста болған. 

"Салтанаттың енесімен қарым-қатынасы басында өте керемет болды. Ол тіпті қарындасыма "Салта, үй тазалап, тамақ пісірудің қажеті жоқ, сенің басты міндетің жай ғана әдемі болып, дүкен аралау" дейтін. Яғни, бастапқы уақытта ешқандай мәселе болмады. Оған қоса Салтанат пен оның ата-енесінің пәтерлері бір тұрғын үйдің екі қабатында орналасқан еді, сондықтан Салтанат енесін қонаққа жиі шақыратын. Ал Бишімбаевқа анасының үйіне көп келетіні ұнамай, алғашқы жанжалдың бірінің себебі болды.

Бірақ бұл ол кезде жай кішкентай ғана жанжал болған еді, яғни ешқандай үлкен мәселенің бастауы болмады", - дейді Салтанат Нүкенованың ағасы.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды