2470

Бас сейсмолог көпшілікке үндеу жасады

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

Бас сейсмолог көпшілікке үндеу жасады
Бейнежазбадан

«Бүгін 10:15-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл – 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бастап біз 8000-нан аса жерасты дүмпуін тіркедік. Оның 100-ден астамының магнитудасы 5 балдан жоғары болды. Тек 20-сын ғана сездік", – деді ол. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым  ережені еске салған болатын.