"Әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген": 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

26.02.2024, 12:25
902
"Әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген": 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды polisia.kz

Павлодар облысында 15 жылдан бері іздеуде жүрген кісі өлтіруші ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

2009 жылы павлодарлық ер адам полицияға хабарласып, әйелінің жоғалып кеткенін мәлімдеген. Сөзінше, ол досына кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары басталып, облыстар мен жоғалған адаммен байланыста болған көрші мемлекет нысанаға алынған.

Бір жылдан кейін әйелдің денесі көлден табылды. Геномдық сараптама жоғалған павлодарлық әйелдің жеке басын анықтады. Тергеу адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірнеше жылдар бойы іс бойынша түрлі шаралар жүргізілгенімен, қылмыстың бетін ашу мүмкін болмаған. Тергеу барысы басшылықтың ерекше бақылауында болған. Биыл Павлодар облысының полицейлері күдіктінің ізіне түскен. Ер адам жанжал кезінде әйелін тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін суға лақтырып жіберген. 

"Ер адамның аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ уақыт түрмеде отырғаны анықталды. Ал 2022 жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ол Астанада ұсталды. Қазір қылмыстық іс қайта қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген хабарламада. 

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды