Аймағамбетов «Отағасы туралы» заңды қолдамайтынын айтты

28.02.2024, 13:51
961
Аймағамбетов «Отағасы туралы» заңды қолдамайтынын айтты ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елімізге «Отағасы туралы» заңды қабылдау туралы ұсынысты қолдамайтынын жеткізді.

«Тіпті жануарларды да ұруға болмайды»

Оның пікірінше, заң жалпы отбасыға ортақ болуы керек.

 Әйел адамды да, ер адамды да, тіпті жануарларды да ұруға болмайды. Мұның бәрі заңда анық реттеледі, – деді ол.

Ulysmedia.kz хабарлауынша, осы орайда тілшілердің бірі Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпидің «Ер азаматтың рөлін көтеру үшін, бәлкім, «Отағасы туралы» заң қабылдауымыз керек шығар» деген ұсынысын қалай бағалайтынын сұрады.

Сауалды бұл мәселені көтергендерге қою керек шығар. Бізге әке мен анаға, балаларға, жалпы азаматтарға қатысты біртұтас заң керек. Заң жобасы осыны қолдайды. Біз бұл жерде әйел, еркек деп бөлмейміз. Заң жобасы бәрін бірдей қолдайды. Ал жеке-жеке заң қабылдауды қолдамаймын, – деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, депутат Ермұрат Бапи әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасын талқылау барысында тың ұсыныс білдірген болатын. Ол заң жобасын қорғаған әріптесі Жұлдыз Сүлейменоваға «Отағасы туралы» заңды қабылдауға қалай қарайтынын сұраған. Бапидің бұл ұсынысын басқа депутаттар қошеметпен қолдаған еді.

«Әкең келсін, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік»

Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі «Әкең келсін, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыда келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін, бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? – деп сұрады Бапи Сүлейменовадан.

Жұлдыз Сүлейменова бұл заңда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау көзделгенін, десе де Отағасы туралы заң шықса, оны бірінші қолдайтынын айтқан.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды