«TikTok түсіргені үшін…»: Үш баланың анасы күйеуін өлтірді (ВИДЕО)

01.03.2024, 19:48
1870
«TikTok түсіргені үшін…»: Үш баланың анасы күйеуін өлтірді (ВИДЕО) stan.kz

Әйелдің анасының айтуынша, 40 жастағы жолдасы әйеліне әлеуметтік желіге видео түсіруге тыйым салып, жанжал туған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында күйеуін аса қатігездікпен өлтірген 34 жастағы әйел 15 жылға сотталды. Әйел былтыр 10 тамызда некедегі күйеуін үйінде өлтірген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Дау TikTok-тан басталған. Әйелдің анасының айтуынша, 40 жастағы жолдасы әйеліне әлеуметтік желіге видео түсіруге тыйым салып, жанжал туған.

“Сол күні қарбыз алып келген. Балаларымен бірге қарбыз жеп отырған. Қызым өзі TikTok түсіреді, кішкентай кезінен актриса болуды армандайтын. Желідегі видеосын көріп қойып, күйеуі ұрыс шығарған. Баласының айтуынша, “осыдан кейін ол қызыма пышақ беріп, өзіңе тық” деген. Үшке дейін санаймын, өзіңді өлтіресің, менің қолымның ізі қалмайды деген. Ол “өз-өзіме қалай тығамын” деп жылаған”, – дейді анасы. 

Осылай деп жылаған Тіллайым Молдабекова қызының тұрмысқа шыққалы қорлық көргенін айтады. 

“Қызымның көрмегені жоқ. Қазір балалары айтып жатыр: ”Мамамды жалаңаштап мұзға қойып қоятын” деп. “Әке, кіргіз” деп жыласа да кіргізбеген. Темекі шегіп, шоғын қызымның кеудесіне басады екен. Өзі көлік жөндейтін, соның темірлерімен де ұрып-соққан. “Өлтіріп, көміп тастаймын, әке-шешеңмен қосып жағып жіберемін” деп әбден қорқытқан. Соның бәрі жиналып осы қылмыс жасалды ”, – дейді сотталушының анасы Тіллайым Молдабекова.

Белгілі болғандай 34 жастағы әйел күйеуін өлтіргесін қылмысын жасырамын деп денесін бөлшектеп тастаған екен. Мәйітті бөшкеге салған қылмыскер өтініш жасап, көршісінің көлігімен мәйітті Келес өзеніне апарған. Әйелдің түн ішіндегі бұл әрекетінен күдіктенген көрші үшінші күні бөшкені ашып көріпті. Содан Құндыз Молдабекованың қылмысы әшкере болады. Оған дейін әйел мәйіттің бөлшектенген үш бөлігін өзенге ағызып үлгерген. Сондай-ақ жолдасының көлігін 2 миллион 300 мыңға досына сатыпты. Осылайша Түркістан облысының тұрғыны 99-баптың 2-бөлігі (Адам өлтіру) және 190 баптың 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 

“Біздің бар сұрарымыз қызымның балалары біздің қолда қалса екен. Оларды бұл оқиға болмай тұрып өз тәрбиемізге алғанбыз. Енді бізден айырмаса екен”, – дейді сотталушының анасы Тіллайым Молдабекова. 

Айта кетейік, марқұмның туыстары келіндерінің өмір бойына сотталуын сұраған еді. Кешірім бермейміз деген жәбірленуші тарабы балалардың балалар үйіне тапсырылуын да сұраған. Енді балалардың қайда қалатынын Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі шешеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)