«Ақшам жетпесе, көлігімді сатамын»: Сәкен Майғазиев 50 жасына дайындалып жатыр

Аиса Махамбет Редактор
01.03.2024, 20:05
967
«Ақшам жетпесе, көлігімді сатамын»: Сәкен Майғазиев 50 жасына дайындалып жатыр жеке Instagram парақшасынан

Әнші: «Мейрамбектен домбыра үйреніп жүрмін».

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Сәкен Майғазиев мерейтойына дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Келесі жылы өнер иесі 50 жасқа толады. Ал елдің ықыласына бөленген “Музарт” тобына – 25 жыл. 

“50 жасқа толатын туған күнімді халықпен бірге атап өткім келеді. “Музарт” тобының концерттерін ұйымдастыратын Андрей Хван деген режиссер жігітпен ақылдасып едім. Ол өте көп гонорар сұрады. 2018 жылы алған ең қымбат көлігімді сатсам да, сол маманның ұйымдастырғанын қалап тұрмын. Халық менің кешіме келіп, керемет демалып кетсе екен деген тілегім бар. Осы күнге дейін өнерде жүріп, қаншама тірліктер атқардым. Бәрін сахнада көрсеткім келеді. Ұстаздық қызметте жүргенде талантты шәкірттер дайындадым. Солардың да үлкен сахнаға шыққанын қалаймын. Қаншама өнерпаздармен дуэт айттым. Оны да көрсеткім келеді. Мейрамбектен домбыра үйреніп, домбырамен де ән айтуым мүмкін”, – деп ағынан жарылды әнші. 

Одан кейін өнер иесі спорт залына жиі бас сұғатынын айтты. Айтуынша, қытығына тиіп жүргендер бар екен. 

“Сахна артық салмақты көтермейді. Сол үшін формада жүруіміз керек. Сондықтан спортпен жиі шұғылданамын. Тіпті, соңғы кезде қытығыма тиіп жүргендер бар. Әрі солардың тұмсықтарын бұзғым келеді. Кімдер екенін айтпай-ақ қояйын. Уақыты келгенде өздері ел алдына шығады”, – деп жауап берді өнер иесі.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)