«Орны сахнада»: қара жұмыспен нәпақа тауып жүрген ер адам өнерімен жұрттың жүрегін жаулады (видео)

01.03.2024, 20:39
2521
«Орны сахнада»: қара жұмыспен нәпақа тауып жүрген ер адам өнерімен жұрттың жүрегін жаулады (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Бақтияр есімді азаматтың музыкалық аспапта ойнаған сәті желіге тарады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушылары 41 жастағы ер адамның орны сахнада екенін айтуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ақпарат агенттігі жазды. 

Видео krisp.tdk Instagram-дағы парақшасында жарияланды. 

"Ер адамның аты-жөні - Бақтияр Исаев. Ол 41 жаста. Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылында туған. Қазір Көксу ауданы, Балпық би ауылында тұрады. Ол бірнеше жылдан бері Алматы теміржолында қара жұмыс істейді. Ол қалаға жұмыс істеуге жазда және көктемде келеді. 

Бақтияр көп сөйлемейтін, тұйық мінезді. Музыкалық аспап көрсе, ойнауға тырысатынын жасырмады. Музыкалық аспапта ойнаған кезекті бір сәтте, оны видеоға түсіріп алған. Оның туысы Арайдың сөзінше, ол туыстары арасында да музыкалық аспапта ойнайды", - деп жазылған видеода.

Ал желі қолданушылары Бақтиярдың орны сахнада екенін айтып, жарыса пікір жазды.

"Бұл кісінің орны сахнада", "Нағыз талант", "Алматыда кафеде пианинода ойнайтын кезі есімде", "Бұл кісі бала кезден талантты", "Музыкалық білімі бар", "Мейрамхана немесе кафеде ән айтса болады ғой", "Талантты жоғалтпайық", - деп жазды желідегілер.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)