Алматыда 22 жастағы жүкті әйел 18-қабаттан секіріп кетті (ВИДЕО)
Оның бұл әрекетінің себебі әлі белгісіз.
SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде әйелдің құлағаны туралы видео таралды.
Қайғылы оқиға 1 наурыз күні сағат 12:20 шамасында Алмалы ауданындағы «Манхеттен» тұрғын үй кешінінде болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші