Сүйген жігіті сутенерге сатып жіберген "Мөлдір" есімді қыз басынан өткізген қиындығын айтып берді

05.03.2024, 15:59
1862
Сүйген жігіті сутенерге сатып жіберген "Мөлдір" есімді қыз басынан өткізген қиындығын айтып берді бейнежазбадан

Сүйген жігіті сутенерлерге сатып жіберген қыз сегіз ай бойы азапты сәттерді бастан кешіріп, бір апта бұрын үйіне қашып келген.

Тәнін сатуға мәжбүр болған қыз жезөкшелер әлемінде “Мөлдір” деген лақап атымен танылған. Үйіне қайта оралғанымен жағдайы мәз емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қыздың айтуынша, жеңгетайлар ығына жығу үшін есірткінің дәмін татуға мәжбүрлеген.

“Қашып кетпес үшін шашымды алып тастады. Клиенттерге бірінші күні шашсыз орамалмен шығып көрдім. Клиенттер керек емес деп шығарып тастайтын. Кейіннен парик киіп шығуға мәжбүр болдым. Бір әйелді алып келіп, ине, тамырдан система салдыратын. Оның қандай дәрі екенін өзім де білмеймін. Кешке сегіз-тоғызда шығамыз. Жоқ дегенде күніне 5-6 клиент болады. Қонақ үй, сауна, пәтерге шақырады”, – деді Мөлдір (кейіпкердің есімі өзгертілген). 

Қыздың әпкесінің айтуынша, Мөлдір үйдегі әжесіне бір аптадай дүкенге қонып істеймін деп айтып шығып кеткен. 

"Жаңадан танысқан Ыхтияр есімді жігіт дүкенде жұмыс істеп қайтесің, мен сені жаңадан жұмысқа апарамын. Астыңа көлік мінесің, әдемі үйде тұрасың деп алдап апарған. Екеуі қыз бен жігіт болып жүрген. Сөзіне сенген сіңілім соңынан еріп сутинер әйелдің үйіне барған. Ол жерде сіңлім бір аптадай үй қызметшісі болған. Ол жерде менен бөлек үш қыз болды дейді. Жігіті де сол үйде тұрған. Бұл қыздар да сен сияқты жұмыс істейді деп алдаған. Кейіннен қыздардан қандай жұмыс істейтінін біліп, қашпақ болған", – деді қыздың әпкесі.

Ал қызды жеңгетайға апарып тапсырған сүйген жігіті – Шымкент қаласы, Ленгер ауданының тұрғыны. Ол жеңгетайлар үйінде такси жүргізушісі қызметін атқарып, қыздарды клиентке тасымалдаған. 

“Бір күн тасымалдағаныма жалпы 30 мың теңге төлейді. Бұл қызбен жүреміз деп танысқанмын. Жезөкшелікпен айналысатын қыздарды тасимын. Клиентіне апарып тастап, алып қайтамын. Бұрын қарақшылық және тонау бойынша сотты болғанмын. Жеті жыл берді, алты жылдан кейін шықтым. Алдымен қоныс-колониясына жіберілдім, кейін шартты түрде мерзімнен бұрын босатылдым", – деді қыздың сенген жігіті Ихтияр Ибрагимов.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады