Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот отырысы басталды

06.03.2024, 09:37
695
Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот отырысы басталды бейнежазбадан

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот отырысы басталды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

24KZ арнасының мәліметінше, Мақсұт Исаховқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары лауазымды қызметкеріне 200 мың доллар пара берді деп айып тағылып отыр. Бұған күдіктіні қорғаушы тараптың айтар уәжі бар.

Шымкент әкімінің экс-орынбасарына қатысты дерек қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Тергеу материалдары 21 томға жинақталды.

Мақсұт Исахов мемлекеттік қызметте жүрген кезде дене шынықтыру және спорт саласынан бастап, жер пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауға да жетекшілік етті. 2020 жылы әкімдік магистральдық жылу желілерін жаңғырту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізген. Ұтқан мердігер бастапқы жарнасын алып, жұмысын бастайды. Алайда тендерге қатысқан екінші мердігер мұнымен келіспей, сотқа арызданады. Көп ұзамай әлгі мекеме жұмысшылары жылу құбырларын жаңартуды жалғастырған.

 «Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына «Старт-Строй» компаниясымен келісімшарт жасаудың сәті түспеген. Себебі бастапқыда мемлекеттік тапсырысқа есептелген қаржы толық көлемде болмай шыққан. Яғни, тендерді бірінші ұтқан «Корпорация Сити-Строй» серіктестігі ол ақшаны кері қайтармаған. Сол себепті айыптаушы тарап бас прокуратураға арызданды», - деді қалалық прокуратураның аға прокуроры Мұхтар Арыстанов.

 Тергеу мәліметінше, Исахов қаланың жылу желілерін жаңғыртуға қатысты істі жабық күйде қалдыру үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды қызметкеріне пара ұсынбақ болған.

 «Департамент бастығының бірінші орынбасары: «Сізді қамауға жоғарыдан бұйрық келді», – деді. Егер де қызмет орным қажет болса, мен кетемін десем, «бұл әрекетіңіз бәрібір құтқармайды», – дегенді алға тартты. Мені қорқытып, пара беруімді сұрады», - деді қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов.

Осылайша, күдікті өзіне тағылған кінәні мойындаудан бас тартты. Айтуынша, ол ешкімге пара бермеген. Бұл істің ақ-қарасын енді сот шешеді. Қылмысқа қатысы бары дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары шенді қызметкері де жауапкершіліктен жалтара алмады. Қазір ол қамауда отыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді