«Ақшамды қайда жұмсарымды білмей...»: Ерке Есмахан су жаңа сөмкесін көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
09.03.2024, 18:31
3585
«Ақшамды қайда жұмсарымды білмей...»: Ерке Есмахан су жаңа сөмкесін көрсетті бейнежазбадан алынған кадр

«Ақшам көп болса да алмас едім» дегенді айтпаңыздар» дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан «Инстаграм» парақшасында құны 11 миллион 800 мың теңге тұратын сөмкесін көрсетіп, мақтанды.

«Бұл сөмкені әдемілігі үшін, легендасы үшін, талғамы жоғары, ақшасы бар, сән әлемін жақсы түсінетін сылқымдар ғана алады. Бұл сөмкенің құдіреті не? 40 жылдық тарихы бар сөмке. Әлемдегі атақты, бай, танымал адамдардың сүйікті сөмкесі. Трендтен қалмайды. 

...«Биркин» сөмкелері арнайы тапсырыспен тігіледі. Көлемі де әртүрлі. Әр сөмкеге сериялық нөмір, брендтің коды беріледі. Бұл сөмкенің ерекшелігі – қолөнер туындысы. Әр деталі адамның қолымен жасалады. Бір сөмке 1 апта тігіледі. Жәнек тек бір ғана шебер басынан аяғына дейін қаншама сағат отырып тігеді. Оны сатып алу үшін күту парағына жазылу керек. Бір кездері адамдар 6 жылдап күткен. Ал қазір 2-3 айда келеді» деді Ерке Есмахан.

Ол тапсырыс берген сөмкесін үш айға жуық уақыт күтіпті. 

«Осы жерде бір жаңалығыммен бөлісейін. Менің тапсырыс берген сөмкем 2 айдан астам уақыт тігіліп, маған жетті. «Ақшам көп болса да алмас едім» дегенді айтпаңыздар. 

«Ақшамды қайда жұмсарымды білмей, мен де осындай сөмке жинайын» деп айтыңыздар. Мидағы миллиондарға жол ашыңыздар!

Мен осыдан 10 жыл бұрын өзім үлкен табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламағам. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келіп, керемет орталарды көріп, көп нәрсені көңілге түйдім, стиль дегенді түсіндім. Бала күнімнен сәнге, талғаммен киінуге жақынмын. Аңызға айналған сөмкені соңғы жылдары қатты армандадым. Міне, Алла арманымды күйеуім арқылы орындады. 

Өмірде ең маңыздысы модамен киіну емес, бренд сөмке жинау емес. Бастысы – денсаулық, амагдық. Бірақ, әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін осындай дүниелер бар. Және оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Күйеуіме рахмет! Мені бақытты ету үшін қолынан келетіннің бәрін жасауға дайын. Бағалаймын!» деді Ерке әнші.

АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған