«Қорқамын»: Нұрболат Қанай жер сілкінісінен кейін басқа қалаға қоныс аудармақ

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 19:35
1832
«Қорқамын»: Нұрболат Қанай жер сілкінісінен кейін басқа қалаға қоныс аудармақ бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда болған жер сілкінісі жұртты дүрліктірді. Өнер жұлдыздары көпқабатты үйлерін тастап, жер үйге көшіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Нұрболат Қанай да өнер ордасынан қоныс аудармақ. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Наурыз айының басында Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді. 

“6 наурызда таңда тағы жер сілкінісі болыпты ғой. Мен алыс жолдан келіп, шаршап дым сезбей ұйықтап қалыппын. Қазір алматылықтардың көбі жер сілкінісінен қорқып, сақтанып,  басқа қалаға көшіп кетіп жатыр ғой. Маған да 2-3 ай басқа қалада тұра тұрсам деген ой келіп тұр. Қазір таңдауымда 4 қала бар, олар Атырау, Шымкент, Астана және Ақтөбе. Басымдық Шымкент пен Атырауда. Атырау менің туған жерім, ол жақта емін-еркін өз жұртымда күшті болып жүремін, бірақ жайлы зонаға кіріп кететін секілдімін. Ал Шымкентке барсам, әйтеуір тәуекелге барамын, оның үстіне ол жақта бәрі арзан. Көреміз", – деп айтты өнер иесі.  

Айта кетейік, жер сілкінісінен кейін көпқабатты үйдің бағасы түсіп, жер үйлер қымбаттаған еді. Өнер иесінің әріптестері бірі жер үйге көшіп жатса, енді бірі Алматыдан басқа қалаға қоныс аудармақ. Ерке Есмахан жуырда виллаға көшсе, Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан пәтер сатып алғанын сүйіншілеген еді. 

«19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды