Таразда мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуі тиіс 110,2 млн теңгенің мүлкін жасырып қалған

13.03.2024, 17:19
623
Таразда мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуі тиіс 110,2 млн теңгенің мүлкін жасырып қалған canva.com

Жамбыл облысында мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуге жататын 110,2 млн теңге көлеміндегі мүлікті жасырғаны үшін сотталды.

 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады.

Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «ASCO Pro» ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдерді тәркіленген.

Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-тің 425-бабы (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер) бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Тараз қалалық № 2 сотының 2024 жылғы 7-ші наурыздағы үкімімен «ASCO Pro» ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚК-тің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталған адамнан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)