Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Нұрболат Дәкебаев күтпеген мәлімдеме жасады

14.03.2024, 09:24
937
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Нұрболат Дәкебаев күтпеген мәлімдеме жасады бейнежазбадан

Жедел-жәрдем жүргізушісін ұрды деп айыпталған Нұрболат Дәкебаев сотта күтпеген мәлімдеме жасады

Tengrinews.kz хабарлауынша, прокурор айыптау актісін оқыды, онда сотталушы мен жәбірленуші арасындағы жанжалдың хронологиясы баяндалған.

27 қаңтарға қараған түні Нұрболат Дәкебаев әпкесінің өтініші бойынша раковинаның астындағы шкафты қоқыс жәшігіне апару үшін көшеге шыққан. Екінші квартал шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында қоқыс контейнерлеріне жолды бөгеп тұрған жедел жәрдем көлігін көрген.

«Сотталушы жол жиегінде келе жатып, Берікқалиұлына балағат сөздер айтып, жедел жәрдем көлігін де итеріп жіберген, қайтар жолда фельдшердің көзінше жүргізушіге тағы да балағат сөздер айта бастаған. Бұрылыста Берікқалиұлы Дәкебаевтың неге ашуланғанын білу үшін көліктен түскен. Сағат 00:15 шамасында екі қолын жұдырықтай түйіп, беті мен басынан кезекпен үш рет соққы жасап, одан кейін бір рет қабырғасынан соққы берген», - деді прокурор Бекзат Әшірбеков сот отырысында.

Сотталушы өз ісінде жауыздық ниеті болғанын мойындамай, әрекетіне өкінетінін мәлімдеді. Жанжалдың мән-жайы айтылған кезде Нұрболат Дәкебаев күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ол іздеуде жүргенін бесінші күні біліп, бірден полицияға берілуге ​​бел буған.

«Мен балағат сөздер айтпадым және жанжалдың болғанын қаламадым. Жанжалдан қашуға тырыстым. Көлікті алып тастауын өтіндім. Бар болғаны 10 метр жерде осы үйдің тұрғындары көлігін қоятын жер бар. Ол жақ бос еді. Жанжалдан кейін ауданға өз шаруаларыммен кеттім, құрылыста жұмыс істеймін. Әлеуметтік желіден мені іздеп жатқанын білген соң берілуге ​​бел будым», - деді Нұрболат Дәкебаев.

Зардап шеккен Төреғали Берікқалиұлы бірнеше күннен кейін мұрнына екінші ота жасатады. Жүргізуші денсаулығына ауыр жарақат алғанын айтты. Жәбірленушінің адвокаты оның денсаулығына келтірілген зардаптың дәрежесін дәлірек анықтау үшін қайта сараптама жүргізуді қолға алмақшы.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады