Түркістандықтар Наурыз мейрамын 10 күн бойы тойлатпақ

Аиса Махамбет Редактор
15.03.2024, 11:30
884
Түркістандықтар Наурыз мейрамын 10 күн бойы тойлатпақ gov.kz

Түркістанда «Наурызнама» онкүндігі басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістандағы этноауыл кешенінде Амал мерекесі аталып өтті. Жиынның шымылдығын қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаев ашты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазды.

«Қазақ әрқашан Наурыз мерекесін ерекше атап өткен. Қыстан аман-есен шыққанына шүкірлік етіп, жақсылыққа үміт еткен. Осы орайда, ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын. Ұлыс оң, ақ мол болсын!» – деді аппарат басшысы.

Мазмұнды мейрам қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының көрісу күніне арнайы дайындаған қойылымымен жалғасты. Тұрғындар бір-бірін қыстан аман-есен шығуымен құттықтап, төс қағысты. 70-ке жуық жас қолөнерші өз туындыларынан көрме ұйымдастырып, келушілерге орта арнаулы оқу орындарының студенттері қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.

Айта кетейік, облыс орталығында Наурыз мейрамы он күн тойланады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)