Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
«Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған», – делінген Polisia.kz хабарламада.
Полиция алаяқтықтың 17 дерегін тергеп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.