Қазтеміртранстың 4 қызметкері пара алғаны үшін сотталды

19.03.2024, 17:09
526
Қазтеміртранстың 4 қызметкері пара алғаны үшін сотталды коллаж: smartnews.kz

2022 жылы жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында «Қазтеміртранс» АҚ филиалының лауазымды адамдары мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды.

Бұл туралы бас прокуратурадан жазды.

Күдіктілер 2019-2022 жылдар аралығында жүктерді тасымалдау үшін қажетті вагондар тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға арналған вагондарды кедергісіз бергені үшін жүйелі түрде пара алған.

«Биылғы 18 наурызда қылмыстық іс сотта қаралды. Үкіммен „Қазтеміртранс“ АҚ-ның 4 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандары бойынша, атап айтқанда пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, олардың біреуі қайтыс болуына байланысты жазадан босатылды.

16 пара беруші жүк- жөнелтуші-кәсіпкерлер де сотпен кінәлі деп танылды, 15 кәсіпкер шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, өйткені олар пара беру түрінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары туралы өз кінәларын толық мойындады, қылмыстың ашылуына ықпал етті және жасаған істеріне өкінді. Кінәні мойындамаған бір кәсіпкерге қатысты 49 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», — делінген бақылаушы органның мәліметінде.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық қылмысты алғаш рет жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (Қылмыстық кодекстің 65-бабы).

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)