793

Кәрім Мәсімов жазасын өтеп жүр ме? – Министр жауап берді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қайда екендігін айтты.

Кәрім Мәсімов жазасын өтеп жүр ме? – Министр жауап берді
orda.kz
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден:
 
«Оның қандай да бір іс-шараға қатысқаны туралы ақпарат тарады, сурет те бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас әлде фейк пе? Неліктен оның түрмеде отырғанына қатысты бірде-бір сурет не видео факті жоқ?», – деп сұраған еді.
 
Осы орайда министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғанын баса айтты.

«Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды, бас бостандығынан айыру орнында», – деді Ержан Сәденов.