Қазақстанда асыранды баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген

21.03.2024, 13:20
1014
Қазақстанда асыранды баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов елімізде асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару саны артып жатқанын айтты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын талқылап жатыр. Заң жобасы аясында депутат Оқу-ағарту министрлігіне сауалын жолдады.

Заң жобасының атауында тек адам саудасы мәселесі реттелуі көзделген. Соның ішінде бесінші тарауды қарасақ, жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қорғауға бағытталғаны туралы да жазылған. Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны жыл сайын көбейіп жатыр. Бірақ асырап алынған балалардың балалар үйіне қайтару саны да азаймай, үнемі өсіп жатыр. Мысалы, соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған балалардың саны 64 пайызға өсті, - дейді мәжілісмен.

Ерболат Саурықов келтірген дерек бойынша, 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала, 2022 жылы 217 бала балалар үйіне қайтарылған.

Депутат балалардың балалар үйіне қайтарылуы не себепті екенін және неліктен ол заңмен реттелмей отырғанын сұрады.

Осы мәселеге байланысты министрлік дайындаған «Балалардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы Мәжілісте қарауда жатыр. Ол заңның аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіліп жатыр. Осы институт мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойлаймыз, - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды