Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Шара қолданып жатқанын мәлімдеді шекара қызметі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын жазды.
Бұл жағдай «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты екенін хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор