Абай облысы Медеу Сәрсекені ақтық сапарға шығарып салды

Аиса Махамбет Редактор
23.03.2024, 10:52
465
Абай облысы Медеу Сәрсекені ақтық сапарға шығарып салды gov.kz

Жазушы Медеу Сәрсекемен қоштасты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыс тұрғындары қазақ ғылыми – фантастикалық әдебиеті жанрында өшпес із қалдырған, драматург, қоғам қайраткері, Абай облысының еңбек сіңірген азаматы Медеу Сәрсекемен қоштасты.
 
Оның әдебиеттегі алғашқы қадамы 1955 жылы басталып, 1959-1965 жылдары қазақ тілінде бірқатар ғылыми-фантастикалық повестер мен эсселері жарық көрді. «Жетінші толқын» шығармасы бірнеше рет 100 мың данамен қайта басылып, КСРО-да кеңінен танымал болды. Осы басылымдардың арқасында жазушы КСРО Жазушылар одағына қабылданды (1962). Қазақ әдебиеті тарихында Медеу Сәрсекеге дейін ғылыми-фантастикалық жанрдағы жазушы болмаған, сондықтан сыншылардан «Қазақ фантастикасының пионері» атағын алды.

Медеу Сәрсеке жас сахнагерлердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген тәлімгер, әрі ұстаз болды. Оның қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мәңгі есте қалады.
 
Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Жазушының қазақ тілінде 43-тен астам, орыс тілінде 20-дан астам басылымы жарық көрген.

Жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Абай облысының Құрметті азаматы».

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді